Құрметті студенттер, магистранттар және сайт қонақтары!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Шет тілдері» кафедрасының парақшасына қош келдіңіздер!
Француз философ-ағартушысы Вольтер атап өткендей, «Көп тіл білу – бір құлыптың көп кілті болу деген сөз».
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының арқасында сіз қызықты идеяларға, қызықты адамдарға, жаңа мәдениеттерге, өмір салтына және агроөнеркәсіп саласындағы үлкен мүмкіндіктерге толы жаһандық әлемнің кілтін таба аласыз.
Осылайша, сіздер, студенттер бакалавриаттың жалпы білім беру бағдарламалары бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (CEFR) сәйкес деңгейлер негізінде шет тілдік құзыреттілікті дамыту мүмкіндігіне ие боласыздар. Магистранттар, сіздер, өз кезегіңізде, өздеріңіздің дайындық бағыттарыңыз бойынша кәсіби-шет тілді коммуникацияларды жүзеге асыра аласыздар.
«Шет тілі» және «Кәсіби бағдарланған шет тілі» пәндерінен басқа, сіздер тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар біздің университеттің шетелдік студенттері қатысатын English Club-қа қатысу арқылы өз көзқарасыңызды қорғауды және талқылауды үйренесіз.
Сіздерде Халықаралық жобалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелге шығуға және білім алуға бірегей мүмкіндік бар.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сіздерді қызықтыратын кез келген сұрақтар бойынша кез келген уақытта кеңес беруге дайын.
Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
«Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі
Жылтырова Жанар Текесбайқызы
Жылтырова Жанар Текесбайқызы
Кафедрасының меңгерушісі