Құрметті әріптестер, студенттер және сайтымыздың қонақтары!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Әлеуметтік пәндер» кафедрасыныңсайтына қош келдіңіздер!
Кафедра университеттің алғашқы ашылған кафедраларының бірі болып табылады. Кафедра құрылған сәттен бастап студенттерге гуманитарлық білім беруде ұзақ даму сатысынан өтті.
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының тарихы 1936 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығы институтында жұмыс істеген «Марксизм-ленинизм» кафедрасынан бастау алады. 1952-1959 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін доцент С.Т. Жүсіпбеков атқарды. 1959 жылы кафедра «КОКП тарихы және философия» кафедрасы болып қайта құрылды. 1959-1973 жылдары кафедраны доцент Ф.Н.Молдабаев басқарса, 1973-1983 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Ж. И.Ыбыраев басқарды.
Алматы зооветеринарлық институтының «Марксистік-лениндік философия және ғылыми коммунизм» кафедрасы 1968 жылы құрылды. Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Соскин Г.Н., ал 1985 жылдан Ж. Ж. Молдабеков, 1989 жылдың наурызынан 1996 жылға дейін кафедраны филология ғылымдарының докторы Қ.М.Мұхамбеталиев басқарды. 1968 жылы Алматы зооветеринарлық институтында жеке кафедра болып – «КПСС тарихы» кафедрасы ашылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі Ұлы Отан соғысының ардагері, доцент К.Сафранков болды. 1973 жылдан 1987 жылға дейін келесі ғалымдар кафедраны басқарды: профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Қозыбаев М.Қ.; Құрманбаев А.С.; доцент, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Садықов Т.С.; Тарих ғылымдарының кандидаты М.В.Сивенок.
1996 жылы Қазақтың екі жоғары оқу орны: Қазақ ауыл шаруашылығы институты мен Алматы малдәрігерлік институты Қазақ ұлттық аграрлық университетіне біріктірілді. Университетте «Қазақстан тарихы» және «Философия» кафедралары құрылды. «Қазақстан тарихы» кафедрасын тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ж. Әбдіров. «Философия» кафедрасын – философия ғылымдарының докторы, профессор Ж. А.Әлиев басқарды. 1999 жылы кафедра «Тарих, философия және саясаттану» кафедрасы болып қайта құрылып, 2002 жылға дейін кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, доцент Х.К. Ахметов басқарды.
2002 жылы кафедра «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді және 2002-2004 жылдар аралығында оны әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Абжалиева А.Т. 2004-2006 жылдары тарих ғылымдарының кандидаты Кенжебеков Қ. кафедра меңгерушісі әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.Ә.Әбішев болды.
«Әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 2008 жылдың қыркүйек айында тарих, саясаттану, философия және әлеуметтану кафедраларының қосылуы нәтижесінде құрылды. Осы жылдан бастап 2017 жылға дейін кафедраны саяси ғылымдарының докторы, профессор С.М.Борбасов басқарды.
2017 жылы құрылымдық және кадрлық профильдегі өзгерістерге байланысты кафедра «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы болып өзгертілді. 2017 жылдан бастап кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Салқынбек Досалы Исаханұлы басқарады.
2020 жылғы 23 қазанда Үкіметтің № 707 қаулысымен университетке ұлттық зерттеу университеті мәртебесі берілді.
2020 оқу жылының басынан кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Зәуре Сәлкеқызы Ақтамбердиева басқарады. 2022 жылы «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы «Қоғамдық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедрада 5 ғылым кандидаты және 6 аға оқытушы жұмыс істейді. Кафедра оқытушыларының мақсаты – студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру.
Мен, біздің университетімізді таңдаған жастарға алғыс айтқым келеді.
Сіздерге ғылым әлемінің есігі ашық. Сіз өмірде қандай жолды таңдайсыз және қандай нәтижеге қол жеткізесіз - тек өзіңізге байланысты. Ең бастысы – биік мақсаттар қойып, соған жетуге ұмтылу. Сіз Қазақстанның жаңа буын студенттерісіз және университетіміздің даңқты дәстүрлерінің лайықты жалғастырушылары боласыз. ҚазҰАУ-да оқу жылдарыңызды тиімді пайдалануларыңызға тілектеспін. Әр жаңа оқу жылы сіздерді өмірден өз орндарыңызды тауып, еліміздің лайықты азаматы болуды басты мақсатыңызға жақындата берсін, білім жолында шығармашылық және ғылыми жеңістер серік болсын. Әлеуметтік ғылымдар кафедрасы бүкіл университет сияқты элиталық білім беруге, яғни қоғам үшін бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды даярлауға ден қояды. Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуі жоғары оқу орындарына жоғары талаптар қояды.
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жетекші кафедраларының бірі болып табылады. Ол тарих, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, философия және басқа да көптеген әлеуметтік ғылым салаларындағы бірегей бағдарламаларды ұсынады.
Кафедраның алдағы жылдардағы негізгі мақсаты мен міндеті – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін дамытуға тиімді атсалысу. Осыған байланысты кафедрасының миссиясы студенттердің қазіргі білім беру стандарттарына сәйкес келетін гуманитарлық дайындық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Біз сондай-ақ халықаралық байланыстарды дамытуға және әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлеміз. Бұл біздің студенттер мен оқытушыларға халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға, білім және тәжірибе алмасуға, өз саласының үздік мамандарынан білім алуға мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы қазіргі қоғам мен әлемдік еңбек нарығының өзгермелі талаптарына сәйкес өз көкжиегін дамытуды және кеңейтуді жалғастыруда. Біз білім алушыларымызға сапалы білім, үздік тәрбие беріп, олардың өмірдегі мақсаттарына жетуіне көмектесуге дайынбыз.
Зәуре Сәлкеқызы Ақтамбердиева
Кафедра меңгерушісі
тарих ғылымдарының кандидаты,
қауым.профессор
Зәуре Сәлкеқызы Ақтамбердиева
Кафедрасының меңгерушісі