ҚазҰАЗУ шетелдік серіктес университеттермен де, халықаралық компаниялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және т.б. өзара әрекеттесуді де қамтитын ірі халықаралық жобаларға белсенді қатысады.

Халықаралық кредиттік мобильдік

  • Халықаралық кредиттік ұтқырлық – бұл 1-Негізгі іс-қимыл шеңберінде іске асырылатын студенттер мен жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне арналған ұтқырлық (қысқа мерзімді алмасу) жобалары.

  • Студенттердің ұтқырлық жобасынан барынша пайда алуы үшін жоба оқудың және жеке дамудың студенттік қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Шетелде оқу кезеңі қысқа цикл, бірінші цикл (бакалавр дәрежесін немесе баламасын алу), екінші цикл (магистр дәрежесі немесе баламасы) және үшінші цикл немесе докторантура үшін студенттің оқу бағдарламасының бөлігі болуы керек.

Студенттер қалай таңдалады? Жоғары оқу орындарының студенттері мен ЖОО қызметкерлері грант алуға тікелей өтініш бере алмайды; ұтқырлық жөніндегі қызметке қатысу үшін іріктеу критерийлерін олар оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны айқындайды!!!

Студенттер мен ПОҚ Еуропалық Одақ елдерінен келген ЖОО (оқитын немесе жұмыс істейтін) мен серіктес ЖОО арасында қол қойылған келісімдер шеңберінде конкурстарға қатыса алады!

Екі ЖОО (Қазақстандық және серіктес елден келген ЖОО) институционалдық аралық келісімге қол қояды. Ұтқырлық бойынша қызметке қатысу үшін іріктеу критерийлерін олар оқитын жоғары оқу орны айқындайды!

Яғни студенттерді іріктеумен ЖОО айналысады. Шетелдік ЖОО-да алынған барлық кредиттер ЖОО-ның орнына есептеледі, бұл сіздің оқу бағдарламаңыз сәйкес келуі керек дегенді білдіреді.

Мысалы: Сіздің университетіңізде Информатика бағыты бойынша Итальяндық университетпен келісім бар. Егер сіздің бағытыңыз Машина жасау болса, онда сіз өтініш бере алмайсыз.

Стипендия

Айына 800-900 евро. Стипендия мөлшері (жоғары, орташа, төмен өмір сүру деңгейі бойынша) студенттің қай елге баратынына байланысты. 

Ұзақтығы: студенттер 3 айдан 12 айға дейін бара алады.

Екі ЖОО (Қазақстандық және серіктес елден келген ЖОО) институционалдық аралық келісімге қол қояды. Ұтқырлық бойынша қызметке қатысу үшін іріктеу критерийлерін олар жұмыс істейтін жоғары оқу орны айқындайды! Студенттерді іріктеумен ЖОО айналысады.

Сіз өзіңіздің ЖОО мен ЕО ЖОО жасасқан екіжақты келісімдер туралы ЖОО-ның Халықаралық бөлімінен біле аласыз.